Республика күніне орай Шымкент қалалық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы ел рухын асқақтатар мерекелік концертке шақырады!
Бұл — туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген мақтаныш пен ұлттық өнердің қадірін сезіндіретін ерекше мерекелік концерт.
Концерт бағдарламасында:
— опера және классикалық музыкадан таңдаулы шығармалар;
— қазақ композиторларының туындылары;
— ұлттық рухты асқақтататын музыкалық шығармалар;
Әсем әуен мен сахна өнері тоғысқан бұл кеште Қазақстанның тарихы, мәдениеті, бірлігі мен жарқын болашағына деген ыстық ықылас көрерменге өнер тілімен жеткізіледі.
Республика күні — елдігімізді дәріптейтін, тәуелсіздігіміздің қадірін ұлықтайтын айтулы мереке.
Осы ерекше күн қарсаңында бірге ән айтып, бірге қуанып, туған елімізге деген сүйіспеншілігімізді өнер арқылы білдірейік!
✨ Баршаңызды мерекелік концертімізде күтеміз!
📅 23 қазан 2026 жыл
🕛 Сағат 12:00
📍 Өтетін орны: Театр алаңы
🏛 Шымкент қалалық опера және балет театры
📌 Мекенжайы: Шымкент қ., А. Асқаров көшесі, 43/2
🎟 Касса: +7 705 285 46 93
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Жаса, Қазақстан!
Жаса, туған ел!
Жаса, Ұлы Дала елі!