«ӨНЕГЕЛІ ӨНЕРГЕ – 30 ЖЫЛ»

Сипаттама

Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисі, ҚР Мәдениет қайраткері Урәлхан Сейілбекованың өнердегі 30 жылдық шығармашылық жолына арналған «Өнегелі өнерге – 30 жыл» атты жеке шығармашылық концерті көрермен назарына ұсынылады.

Бұл — сахнаға деген сүйіспеншілікке, өнерге адалдыққа және 30 жылдық шығармашылық жолға арналған ерекше музыкалық кеш.

Концерт барысында Урәлхан Сейілбекованың 30 жыл бойы сахнада сомдаған бейнелері мен орындаған шығармалары, өнер жолындағы ізденісі мен шығармашылық белестері әсем әуен арқылы көрерменге жол тартады.

🎻 Концерт Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді және бірнеге жұлдызды қонақтарымыз да өнер көрсетеді.

Бас дирижер — Мади Өмірзаков.

Өнердегі 30 жыл — бұл сан ғана емес. Бұл — сахнаға деген шексіз махаббат, талмай іздену, тынымсыз еңбек және көрермен жүрегіне жол тапқан талай әсерлі сәттердің тарихы.

«Өнегелі өнерге – 30 жыл» — өнерпаздың шығармашылық жолына тағзым еткен, әсем әуен мен сырлы сезім тоғысқан тағылымды кеш болмақ.

🌹 Өнерсүйер қауымды мерейлі шығармашылық кештің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!

📍 Шымкент қалалық опера және балет театры
📅 23 қазан
🕕 18:00

Жанр: Жеке шығармашылық концерт
Өткізу күні: 23 қаз.
Басталуы / Ұзақтығы: 18:00
Сахна өткізу: Опера және балет театры
Жасы:

Scroll to Top