Ұлы тұлғаларға арналған кеш!
Шымкент қалалық опера және балет театры
қазақ музыкасының негізін қалаған екі алыптың –
Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің
туғанына 120 жыл толуына арналған
“КҮЗГІ ӘУЕНДЕР” концерттік бағдарламасын ұсынады!
📅 25 қыркүйек
⏰ Сағат 19:00
📍 Шымкент қалалық опера және балет театры
Бұл кеште театрдың жетекші солистерінің орындауында Ахмет Жұбановтың нақышты әуендері, Латиф Хамидидің жүрекке жететін романстары күздің жылы кешінде жан дүниеңізді тербейді.🎼
Ұлттық өнеріміздің бастауында тұрған ұлы есімдерді бірге еске алып, мәңгілік музыкадан ләззат алайық.
Билеттер театр кассасында және тикетон сайтында.